Қытайға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Жолдастық кездесу Қытайдың Дальян қаласында өтеді. Бұл ойынға еліміздің бас командасын отандық мамандар Талғат Байсуфинов пен Нүркен Мазбаев дайындайды.

Қытай құрамасымен өтетін ойынға байланысты ел премьер-лигасының 4 тур ойындарының уақыты өзгертілді.

- Премьер-лиганың XIV турындағы ойындар 4 маусымнан 2 маусымға;

- Премьер-лиганың XV турындағы ойындар 8 маусымнан 11 маусымға;

- Премьер-лиганың XVI турындағы ойындар 12 маусымнан 15 маусымға;

- Премьер-лиганың XVII турындағы ойындар 18 маусымнан 19 маусымға ауыстырылды.

Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар қосыны 3-8 маусым аралығында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырыған футболшылардың тізімі төмендегідей:

Қақпашылар: С.Покатилов («Ростов»), В.Плотников («Қайрат»), Д.Лория («Ертіс»)

Қорғаушылар: Д.Шомко («Астана»), Ю.Логвиненко («Астана»), А.Бейсебеков («Астана»), В.Дмитренко («Тобыл»), Е.Қуантаев («Қайрат»), Ғ.Сүйімбаев («Ордабасы»), С.Малый («Ертіс»), Е.Ахметов («Ертіс»)

Жартылай қорғаушылар: С.Смақов («Ақтөбе»), Ұ.Қонысбаев («Атырау»), Б.Исламхан («Қайрат»), И.Қуат («Қайрат»), М.Байжанов («Шахтер»), А.Нұрғалиев («Ордабасы»), М.Төлебек («Ордабасы»), С.Мұжықов («Астана»), А.Тағыберген («Астана»)

Шабуылшылар: Т. Нөсербаев («Астана»), Р.Мұртазаев («Ертіс»), С.Хижниченко («Тобыл»)

Қосалқы құрам:

Қақпашылар: С.Отарбаев («Ақтөбе»)

Қорғаушылар: Б.Айтбаев («Тараз»)

Жартылай қорғаушылар: Ж.Қожамберді («Оқжетпес»), А.Мухутдинов («Тобыл»), Т.Досмагамбетов («Тобыл»)

Шабуылшылар: А.Щеткин («Астана»), Ж.Молдақараев («Оқжетпес»)

Жаттықтырушылар құрамыбас баспкердің міндетін атқарушы - Талғат Байсуфинов, аға жаттықтырушы - Нүркен Мазбаев, дене даярлығы бойынша жаттықтырушы - Андрей Ферапонтов, қақпашылардың жаттықтырушысы - Юрий Новиков.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама