Қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті

О Сансызбай Корреспондент

Қазақстандық спортшы шаңғымен классикалық жүгіру сайысында 5 шақырымды құрайтын қашықтықты 13:27.6 минут уақыт көрсеткішімен басып өтті. Бұл нәтиже Анастасия Слоноваға күміс медаль сыйлады. Ал алтын медаль ресейлік шаңғышы Оксана Усатоваға бұйырды. Ол мәреге отандасымыздан 18,1 секунд ерте келген. Қола жүлде де тағы бір ресейлік спортшы Лилия Васильваға бұйырды. Сонымен қатар, алғашқы ондыққа тағы екі спортшымыз енді. Анна Стоян алтыншы орын алса, Виктория Ланчакова тоғызыншы орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетсек, Анастасия Слонова қысқы Универсиаданың бірінші күні жақын қашықтыққа жүгіру (спринт) сынында алдына жан салмаған еді. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орында келеді. 

Жарыс келесі аптада Испанияның Гранада қаласында жалғасып, 14-ақпанда аяқталады.

Сурет:vksport.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстан құрамасы қысқы Универсиадада көш бастады

Қысқы спорт түрлері арықтауға көмектеседі

2015 жылы қысқы спорт түрлерінен өтетін ірі додалар

ХОК бағалау комиссиясы Алматыға ақпан айында келеді

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама