ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да бірер күн қалды. Қазақстандық спортшылар Пхенчханға жетіп, жарыс қалашығына жайғасты. Ал қазақстандық спортсүйер қауым төртжылдықтың басты додасын қай арналардан тамашалайды? Бұл сұрақтың жауабын бүгін ҚР Ақпарат және коммуникация министріДәурен Абаевfacebook желісіндегіпарақшасындажариялады. Қазақстандық спортсүйер қауым ақ Олимпиада ойындарын QazSport, Qazaqstan және Хабар арналарынан тамашалай алады. - Қымбатты достар!Біздің министрлік XXIII - қысқы Олимпиада ойындарының көрсетілімін жүзеге асыратын құқыққа ие компаниямен келіссөздерді аяқтады. Олимпиада ойындарын ақпанның 9-ы мен 25-і аралығында ел тұрғындары отандық арналардың тікелей эфирінен тамашалайды. Дүниежүзі назар аударатын дүбірлі доданы Хабар, Qazaqstan мен Qazsport арналары тікелей трансляциялау құқығына ие болды. Мәселен, Qazaqstan мен Qazsport арналары 150 тікелей трансляцияға шығуды жоспарлап отыр. Ал,Хабар арнасы арқылы 208 сағатты құрайтын 100 трансляция эфирге шығады. Сонымен қатар, қазақ және орыс тілдерінде Олимпиада күнделігін көрермен назарына ұсыну жоспарланған. Демек, Пхенчханға арнайы барған тілшілер тобы күнделікті соңғы ақпараттарымен бөліседі. Біздің жерлестеріміз 9 спорт түрі бойынша сайысқа түседі. Оңтүстік Кореяның алаңдарында ел намысын қорғайтын жерлестерімізге тек қана жеңіс тілейміз! Алға, Қазақстан!, - деп жазды министр. Айта кетейік, Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан аралығында өтеді. Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстанның туын шорт-трекшіАбзал Әжғалиевкөтеріп шығады. Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.