Қырғыздар Қазақстан құрамасын көкпардан қарымта ойынға шақырды
Бүгін белгілі болғандай, Қырғызстан көкбөрі федерациясының өкілдері Қазақстанға 1 қарашада қарымта кездесу өткізуді ұсынып отыр.
"Біз 1 қарашада сол баяғы құраммен көкбөрі мен көкпар ойнауды ұсынамыз. Бұл – спорт. Ойын екі халық арасында алауыздық тудырмауы тиіс. Біз халықтарымыздың келісімі үшін жеке амбициялардан бас тартуға дайынбыз. Төреші басқа елден болады", - деді көкбөрі федерациясының басшысы Рамис Жүнісалиев баспасөз мәжілісінде.
Бұл жарыс "Келісім кубогы" деп аталмақ. Олар 16 қыркүйекте Қазақстан көкпар федерациясына шақыру хат жіберген.
Айта кетейік, Көшпенділер ойындарында Қазақстан көкпардан, қырғыздар көкбөріден жарыс жеңімпазы атанған болатын.