Қыдырбаев, Өтешов пен Өміртай допинг дауына ілікті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ WFRK

Халықаралық ауыр атлетика қайымдастығының шығарған нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлеттердің басы дауға қалып отыр. Хьюстондағы әлем чемпионатында олардың қанынан спортшы пайдалануға тыйым салынған заттар (допинг) табылды деп хабарланып отыр. Бұл – бірінші сынаманың қорытындысы.  Екінші тексерісте олардың допинг қолданғаны дәлелденсе, спорттан екі жылға шеттетілетін болады. Тіпті IWF Жасұлан Қыдырбаевты спорттан өмір бақи аластатуы мүмкін. Себебі ол осыған дейін бір рет допинг қолданды деп айыпталған.

IWF допинг қолданды деп айып отырған спортшылардың ұзын саны 17-ні құрап отыр. Олардың қатарында 105 келіден жоғары салмақта әлем рекордын орнатқан ресейлік Алексей Ловчев те бар. Сондай-ақ Светлана Подоведаның салмағында өнер көрсеткен ресейлік Ольга Зубова да допинг қолданушылардың тізіміне енген. Егер екінші сынамада оның қолданғаны анықталып жатса, қазақстандық спортшыға қола жүлде берілетін болады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама