"Күтуден шаршадым". Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз мансабын аяқтады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ Ф.Шарипова командасы

Боксшы қыз мұндай шешім қабылдауының себебін түсіндіре кеткен. Басты себеп - қаржының жетіспеуі. Чемпиондық атақ үшін өтетін жекпе-жекке бір қадам жете алмай қалғанын да жазған.

- Құрметті достар! Мен спорттық мансабымды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Тамаша жұмыс үшін баршы жаттықтырушыларыма, менеджерім мен командама алғысымды білдіремін. Біз бірге Қазақстанның бірнеше рекордын орнаттық. Кәсіпқой бокста осындай аз уақыт ішінде бізден басқа ешкім мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.

Өкінішке қарай, біз кәсіпқой бокстағы чемпиондық атаққа бір қадам қалғанда тоқтап қалдық. 2018 жылы Қазақстанға WBC чемпиондық атағын алып келуге мүмкіндік болған. Бірақ қаржының жетіспеу салдарынан жүзеге асқан жоқ. Бізге бұл жекпе-жекті ұйымдастыру үшін қаржы бөлінетіні жайлы мың сан уәде болғанмен, бірде-бірі орындалған жоқ.

2 жыл бойы өз бабымда жүріп, чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуға дайын болдым.

Мен күтуден шаршадым. Спорттық бапты сақтау үшін де жарқын жеңістер мен көп күш керек. Оның үстіне қаншама жүйкең тозатын сәттер болады. Сондай-ақ қаржы қажет.

Өкінішке қарай, жетістікке бастар жолды көре алмадым. Уәденің барлығы уәде күйінде қалды. Ал өмір өтіп барады. Мен де босқа өткізгім келмейді.

Осы жылдар ішінде маған қолдау көрсеткен жандар мен жанкүйерлеріме ерекше рақметімді айтамын. Басты чемпиондық атақты иелене алмағаным үшін мені кешіріңіздер. Мен барынша тырысып бақтым. Бірақ бұл өмірде маған бағынбайтын дүниелер көп-ақ, - деп жазба қалдырды боксшы қыз.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????????????????????????????? (@sharipova_firuza)26 Сен 2019 в 7:49 PDT

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама