Куртуа "Челсиге" қарсы ойнай алмайды
Бельгия ұлттық құрамасының бағана күзетшісі лондондықтарға тиесілі. Мадридтен шыққан клубқа осымен үш маусым жалға беріліп келеді. Бейресми ақпараттарға сенсек, Куртуаның қатысуы үшін "Атлетиконың" төлейтін сомасы екі ойынға 6 миллион еуроны құрайтын көрінеді. Кейбір баспасөз құралдары мадридтіктердің бұл соманы төлеуге дайын екендіктерін жазады.
Клубтар жартылай финалда немесе шығып жатқан жағдайда, финалда жолығысуы мүмкін. Жеребе тарту рәсімі шешеді.
- Егер біз "Челсиге" түсер болсақ, Куртуа ойнамайды - дейді "Атлетико" президенті Энрике Сересо. - Біз ол үшін мұндай соманы төлей алмаймыз.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/UZEci6bzrAg","width":"450","height":"338"});
Дайындаған: Әкежан Дәкен
Сурет: live-football.ru