Күрестегі салмақ дәрежелері қысқарды

О Сансызбай Корреспондент

2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында балуандар төмендегі салмақ дәрежелері бойынша боз кілемде белдесетін болады.

Грек-рим күресі: 59, 66, 75, 85, 98, 130 келі

Еркін күрес:  57, 65, 74, 86, 97, 125 келі

Әйелдер күресі: 48, 53, 58, 63, 69, 75 келі

Сонымен қатар, Олимпиада ойындарынан бөлек аламандарда қосымша 2 салмақ қосылады. Атап айтар болсақ,  еркін күресте 61 және 70 келі, грек-рим күресінде 71 және 81 келі, әйелдер күресінде  55 және 60 келі салмақ дәрежелерінен жүлделер таратылады. Дегенмен бұл салмақтар Олимпиада бағдарламасына енбей отыр. Бұл салмақ дәрежелері санының қысқаруының тиімді немесе тиімсіз тұстарын алдағы уақыт көрсетпек.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама