Күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын балуандар анықталды
Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Руслан Өмірәлиев Азия чемпионатына биылғы ел чемпионатында топ жарған спортшыларды апармақ. Бірақ биылғы Азия чемпионатында Рио Олимпиадасының лицензиялық ұпайлар таратпайды. Әйтсе де, еркін күрес шеберлері құрлық біріншілігінде ел намысын абыроймен қорғап, бар күш-жігерлерін салуға бекініп отыр.
Еркін күрестен ел намысын қорғайтын балуандар:
57 келі: Расул Қалиев
61 келі: Дәулет Ниязбеков
65 келі: Мейіржан Әшіров
70 келі: Нұрлан Бекжанов
74 келі: Жігер Зәкіров
86 келі: Азамат Дәулетбеков
97 келі: Әлихан Жұмаев
125 келі: Дмитрий Попов
Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Танат Сағындықов та Азия чемпионатына баратын балуандардың есімін атады. Ұлттық құраманың намысын ел чемпионатында көзге түскен балуандар қорғайды. Бас бапкердің айтуынша, Досжан Қартықов пен Даниал Гаджиев жарақатына байланысты жарысқа бара алмайды екен. Сонымен қатар, бабы келіспей жүрген бірнеше балуан да тізімге енбеген. Олардың орнына соңғы жарыстарда көзге түсіп жүрген боз кілем шеберлері шақырту алған. Танат Сағындықов Азия чемпионатында 3-4 медаль жеңіп алуды жоспарлауда.
Грек-рим күресінен ел намысын қорғайтын балуандар:
59 келіге дейін: Мейрамбек Айнағұлов
66 келі: Демеу Жадыраев
71 келі: Азамат Дүмбіров
75 келі: Дәулет Жақсылықов
80 келі: Жасұлан Қошанов
85 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов
98 келі: Марғұлан Әсембеков
130 келі: Нұрмахан Тінәлиев
Сурет: confederation.kz