Күрес Олимпиада бағдарламасында қалды
Жақында ғана анықталған 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарынан күресті алып тастау туралы ағымдағы жылдың ақпан айында Халықаралық Олимпиада комитеті ұсыныс көтерген болатын. Мұның себебін олар күрестің қызықсыздығымен және келушілердің аздығымен түсіндірген. Дегенмен, бұл ұсыныс көтерілісімен-ақ әлемнің спортсүйер қауымы күрессіз Олимпиаданы елестете алмайтындығын жеткізіп, мәселеге қатысты көптеген ұйымдар да құрылған-ды.
Мамыр айында 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасындағы 1 орынға 3 спорт түрі таласатынын хабарлаған еді. 8 қыркүйек күні өткен дауыс беру шарасында Халықаралық олимпиадалық комитеттің 49 мүшесі күресті, 24 мүшесі бейсболды, 22 мүшесі сквошты жақтап дауыс берді. Сонымен қатар, Халықаралық күрес федерациясының жаңа басшысы серб Ненад Лалович күреске жаңа ережелердің енетінін де мәлімдеп отыр.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz