Кукушкин мен Дияс "Уимблдонның" екінші кезеңіне шықты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ коллаж

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бірінші кезеңде жапон Даниэль Таромен кездесті. Бірінші сетте қарсыласына 4:6 есебімен қарсыласына жол бергенмен, кейінгі үш сетте  6:4, 7:6, 6:2 есебімен жеңіп шықты. Екінші кезеңде Михаил Кукушкин неміс Миша Зверевпен кездеседі.

Зарина Дияс бірінші кезеңде қытайлық Синьюань Ханьмен кездесіп, екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Келесі ойынын аустралиялық Арина Родионоваға қарсы өткізеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама