Кукушкин Голубев ерлігін қайталай алмады

О Сансызбай Корреспондент

Алғашқы сетте еліміздің үздік теннисшісі қателікке бой алдырмай, тай-брейкте қарсыласынан басым түсті. Алайда намысқа тырысқан швейцариялық теннисші кейінгі сеттерде Михаил Кукушкинге дес бермеді. Сәт санап шалыс басқан қазақстандық ракетка кейінгі сеттерде 6:4, 6:4, 6:4 есептерімен есе жіберді. Осылайша ширек финалдағы Швейцария мен Қазақстан арасындағы есеп теңесті. Қазір санаулы минуттардан кейін Роджер Федерер мен Андрей Голубев шешуші кездесуге шығады. Жерлесімізге жанкүйер болайық. Сәттілік тілейміз!

Естеріңізге сала кетсек, кездесудің бірінші күні Андрей Голубев Станислав Вавринканы тізе бүктірген болатын. 

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: prosportskz.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама