Криштиану Роналдуға УЕФА-ның арнайы сыйлығы табысталады

Нұрбол Ынтымақұлы Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/cristiano/

Бұл туралы УЕФА президенті Александр Чеферин мәлімдеді. Роналдуға сыйлық 29 тамызда, Чемпиондар лигасына жеребе тарту рәсімінде табысталмақ.

"Криштиану Роналду - УЕФА Чемпиондар лигасының жұлдыздарының бірі, оның осы жарыста бомбордир ретіндегі тамаша жетістіктері болашақ ұрпақ үшін озық үлгі. Оның командалық және жеке жетістіктері үлкен еңбектің нәтижесі. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде ол ілгерілеуді тоқтатпады, бойында гол соғуға және тойлауға деген жастық құмарлығы әлі де басыла қоймады. Оның кәсібилігі, жұмыс этикасы, адалдығы және ең үлкен алаңда еркін көсілуі бүкіл әлемдегі футболшылар үшін үлгі болатыны анық", - деді УЕФА президенті Александр Чеферин

Айта кетейік, Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында жеті рет маусымның үздік бомбардирі атанды, турнирді бес рет жеңіп, "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Ювентус" және "Реал Мадрид" сапында 183 ойында 140 гол соқты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама