Криштиану Роналду төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Биылғы «Алтын доп» иегерін «France Football» басылымы анықтады. Жылдағыдай Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (ФИФА) мұрындық болуымен өткен жоқ. Бұрынғы француз басылымының ережесі бойынша анықталды. Яғни, «Алтын доп» иегерін анықтауға тек тілшілер ғана қатысты.

2016 жылғы «Алтын допқа» 30 футболшы үміткер атанды. Олардың ішінен португалдық ойыншы үздік саналып отыр. Ол өткен маусымда «Реалмен» Чемпиондар лигасы, ұлттық құрамада Еуропа чемпионы атанды.

Криштиану Роналду «Алтын допты» осыған дейін үш рет (2008, 2013, 2014) иеленді. Ал Лионель Месси бес рет (2009, 2010, 2011, 2012, 2015) жеңіп алған жалғыз ойыншы.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама