Криштиану Роналду мен Луис Суарес үздік сұрмерген атанды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент

УЕФА заңы бойынша, үздік сұрмерген атағы яғни, «Алтын бутсы» өз чемпионатында бір маусымда ең көп гол соққан ойыншыға беріледі. УЕФА қағидасында әлемдегі үздік 5 чемпионатта салынған голдар 2 ұпаймен, үздік 6 мен 21 арасына кіретін чемпионаттардағы голдар 1,5 ұпаймен және 21 төмен чемпионаттардағы голдар 1 ұпаймен есептелінеді.

Криштиану Роналду және Луис Суарес өз чемпионаттарында 31 голдан соғып, 62 ұпай жинаған. «Зальцбурга» командасының шабуылшысы Джонатан Сориано да 31 гол соққан. Алайда Австрия чемпионаты үздік бестікке кірмегендіктен, оның голдары 1,5 ұпаймен есептелініп, Джонатан Сориано небәрі 46,5 ұпай жинаған. Осылайша, «Алтын бутсы» Криштиану Роналду мен Луис Суарестің еншісіне бұйырды.

Естеріңізге сала кететін болсақ, Криштиану Роналду бұл марапатқа 2008 және 2011 жылдары ие болған болса, Луис Суарес «Алтын бутсыға» алғаш рет қол жеткізіп отыр.

Осы маусымның ең үздік 12 сұрмергендерінің тізімі төмендегідей:

1-2. Луис Суарес («Ливерпуль») – 31 гол (62 ұпай)

1-2. Криштиану Роналду («Реал») – 31 гол (62 ұпай)

3. Лионель Месси («Барселона») – 28 гол (56 ұпай)

4. Диего Коста («Атлетико») – 27 гол (54 ұпай)

5. Златан Ибрагимович («ПСЖ») – 25 гол (50 ұпай)

6. Джонатан Сориано («Зальцбург») – 31 гол (46,5 ұпай)

7-8. Дэниел Старридж («Ливерпуль») – 22 гол (44 ұпай)

7-8. Чиро Иммобиле («Торино») – 22 гол (44 ұпай)

9. Альфред Финнбогасон («Херенвен») – 29 гол (43,5 ұпай)

10-12. Роберт Левандовский («Боруссия Д») – 20 гол (40 ұпай)

10-12. Яя Туре («Манчестер Сити») – 20 гол (40 ұпай)

10-12. Лука Тони («Верона») – 20 гол (40 ұпай).

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: www.championat.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама