Реал Мадрид командасының жартылай қорғаушысы, Ресей жеріндегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Матео Ковачич командамен бірге жаттығу өткізуден бас тартты деп хабарлайды Marca. Ақпараттарға қарағанда, хорват жартылай қорғаушысысы Вальдебастағы басшылық базасына келіп өз болашағы шешілмейінше жаттығу жасамайтынын айтқан.Ковачич королдік клубтан кетуді көздеп жүр. Себебі алаңдағы ойын уақытына, матчтарға аз шығуына көңілі толмайды. Бұл туралы ол клубтың жаңа бапкері Хулен Лопетегимен де сөйлескен.Өткен маусымда Ковачич Реал сапында 36 ойынның 21-іне қатысқан. Бұдан бұрын белгілі болғандай тағы бір хорват Лука Модрич де Реал Мадрид сапынан кеткісі келіп жүр. Лука Реалмен өтетін дайындық жаттығуларына келмеген. Әлем чемпионатының үздік ойыншысына Интер клубы қызығушылық танытып отыр.