"Котто – еркек емес, берген уәдесінде тұра алмады"
«Котто – еркек емес, ол маған берген уәдесінде тұрмады. Енді ол елдің бетіне қалай қарайды екен? Котто 2013 жылы менің компанияма келгенде әкесінің атымен ант етіп, карьерасының соңына дейін Top Rank-пен бірге болатынын айтқан еді. Қолыңнан келмей ме, уәде етпе, уәде бердің бе, ендеше оны бұзба. Бар кінә Пеньягариканода деп ойлаймын, Мигельді азғырған сол», - деп ренішін білдірді Боб Арум.
Айта кету керек, Котто дәл осы Арумның көмегінің арқасында аргентиналық Серхио Мартинеспен жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымының чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Ал отандасымыз Геннадий Головкин осы тұжырымдағы уақытша чемпион саналады. Биыл қос боксшы арасында кездесу ұйымдастырылып жатса, осы тұжырымдағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Алайда, Котто жекпе-жек өткізбей-ақ белбеуді Головкинге тапсыратынын өз әрекеттерімен білдіріп келеді.
сурет: eurosport.com, huffpost.com