Көшпенділер ойыны: Аударыспақтан Қазақстан құрамасы 3 алтын медаль жеңіп алды
60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай алтын медальға ие болды. Ол финалда Қырғызстан спортшысын жеңіп, алғашқы алтынды қоржынға салды.
70 келі салмақта сынға түскен Алмат Ләтіпбек те қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңімпаз атанды.
80 келі салмақта Дарын Өткелбай қарсыластарының бәріне мықтылығын мойындатты.
"Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен 64 спортшы қатысуда. Ертең жарыс жолына Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев шығады.