Көшпенділер ойындары аяқталды: Қазақстан қанша жүлде еншіледі?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ instagram.com/ulttyqatsport.kz

Жалпы есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Отандастарымыз барлығы 114 медаль жеңіп алып, өзге елдерден көш ілгері болды. 

Көш бастаған отандастарымыз 43 алтын, 33 күміс, 37 қоланы қоржынға салды. 19 алтын, 21 күміс, 25 қола еншілеген Қырғызстан құрамасы екінші орыннан көрінді. Үштікті – 12 алтын, 10 күміс, 25 қоламен ресейлік спортшылар қорытындылады. Өзбекстан құрамасы 4-орыннан көрінді.

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді.

 

Айта кетейік, Көшпенділер ойындарында жүлде алған спортшыларға арнайы сыйақы да қарастырылған. Жүлделердің жалпы сомасы 253 млн теңгені құрайды. Әр спорт түрі бойынша жүлделер жеке берілді. Командалық спорт түрлері – бұл ең алдымен көкпар және көкбөрі. Жеңімпаз командаға 10 млн теңге, екінші орынға 6 млн теңге, қола жүлдегерге 4 млн теңге табысталды.

Жеке спорт түрлерінде жеңімпаздар 500 мың теңгеден алды, екінші орын иеленгендер 300 мың теңге, қола жүлдегер 200 мың теңгеден алды.

Ат спорты түрлерінде жүлделер біршама көп қарастырылған: бәйге жеңімпазына 2 млн теңге, жорға, құнан бәйге, топ бәйге жарыстарында 3 млн теңгеден, аламан бәйгеде 5 млн теңгеден беріледі.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама