Қос боксшымыз жеңіліс тапты

Ла Лига Корреспондент

Astana Arlans пен Cuba Domadores командалары кездесуінде екінші болып ринг төріне Жандос Момынов пен Лазаро Альварес шықса, үшінші болып Бақытжан Қожабеков пен Арисноидис Дэспейн көтерілген еді.

60 келі салмақта кубалық боксшы 49-46, 50-44, 50-46 есебімен қазақ боксшысынан басым түсті. Бұл тұста бір ескеретіні, Альварес әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада жүлдегері болып табылады. Аталған боксшы чемиондық соңғы тәжін осы жылдың қазан айында Алматыда жеңіп алған екен. 

69 келі салмақта өнер көрсететін кубалық боксшы Дэспейн отандық былғары қолғап шеберіміз Бақытжанды төртінші раундта техникалық нокаудпен жеңді. Сол арқылы Cuba Domadores командасы 2:1 есебімен алға шықты...

Ертеректе Мирас 52 келі салмақта Херардо Сервантеспен жұдырықтасып, 48-47,48-47,48-47 есебімен жеңген-ді.

Дайындаған: Әкежан Дәкен

сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама