Көркем гимнастикадан Қазақстан қыздар құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) командалық сайыста Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Күміс жүлдені өзбек қыздары иеленсе, қоланы Оңтүстік Корея құрамасы місе тұтты. Бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жетінші алтын медаль. Жалпы есепте 7 алтын 8 күміс 28 қола медальмен 10-орынға көтерілді. 6 алтын 12 күміс 13 қоласы Өзбекстан құрамасы бір орын төмен сырғыды. Айта кетейік, осыған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған болатын. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пенРуслан ИсраиловАзия ойындарында топ жарды. Бүгін каратэденГузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болды.