Конор МакГрегор спорттағы мансабын аяқтады
- Сәлем, жігіттер! Шұғыл хабарлама: мен спортпен қоштаспақпын, яғни аралас жекпе-жек өнері жолындағы мансабымды аяқтадым. Барша ескі әріптестеріме сәттілік пен жетістік тілеймін. Енді зейнетке шыққандар қатарына қосыламын, - деп жазды МакГрегор.
Hey guys quick announcement, I’ve decided to retire from the sport formally known as “Mixed Martial Art” today.
I wish all my old colleagues well going forward in competition.
I now join my former partners on this venture, already in retirement.
Proper Pina Coladas on me fellas!
— Conor McGregor (@TheNotoriousMMA) 26 марта 2019 г.
Конор МакГрегор соңғы рет 2018 жылдың қазан айында октагонға шыққан болатын. Жеңіл салмақта ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген еді. Жекпе-жек соңындағы қақтығысқа байланысты 6 ай спорттан шеттетілген. 50 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеген. Жаза уақыты сәуір айының орта тұсында аяқталатын еді. Осыған дейін ресейлік спортшымен қарымта кездесу өткізгісі келетіні жайлы да айтып жүрген болатын.
30 жастағы ирландиялық спортшы 21 жекпе-жегінде қарсыласына мықтылығын мойындатты. 4 кездесуінде қарсыласының мықтылығын мойындады. Сондай-ақ әйгілі Флойд Мейвезермен (кішісі) бокс ережесін сай жекпе-жек те өткізді.