Конфедерация Кубогы: үздік спортшылар көзімен

Марғұлан Ақан Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

Жақсылық Үшкемпіров, грек-рим күресінен олимпиада чемпионы:

«Ұйымдастырушылар жақсы дайындалған. Бұл – спорттың өз мейрамы. Спортшылармен бірге жанкүйерлер де  естен кетпес әсер алды деп ойлаймын. Конфедерация Кубогының болашағы жарқын».

Ғалымжан Жангелдиев, ҚР дзюдодан еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Елдос Сметовтың жеке жаттықтырушысы:

«Осындай жарыстар жиі өтіп тұрса деймін. Бұл жерден әр облыстағы спорттың қалай дамып жатқанын көруге болады. Өскенін не бәз баяғы қалпында қалғанын аңғарасыз. Ең бастысы жарыс өз деңгейінде өтті».

Ермахан Ибраимов, Сидней олимпиада чемпионы:

«Ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде болды. Осындай жарыстардың арқасында аймақтардағы спорт түрлері дамиды. Облыстардағы спортты дамыту үшін білікті жаттықтырушылар мен спортшылар керек. Өздеріңіз байқағандай, жыл сайын өсіп келеміз. Бұл болашақта одан да үлкен нәтиже көрсетеміз деген сөз».

Данияр Елеусінов, Рио олимпиадасының чемпионы:

«Бокстан өткен турнир өте керемет болды, көрсе көз тоярлық, мен үшін жеңімпаз лайықты бағаланды. Жарыстың өту барысына жіті бақылау жасадым. Меніңше, бұл Қазақстанның танымалдығы үшін жақсы ұйымдастырылған жарыс.

Дариға Шәкімова, Рио олимпиадасының қола жүлдегері:

«Түрлі спорттың түрін бір жерге жинап ұйымдастыру сырттан қарағанда ерекше көрінді. Жанкүйерлерге ұнады. Мұндай жарыстарға жастар көп келеді және өздеріне керегін алады. Ең бастысы – басталған істі жалғастыру керек».

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама