Конфедерация Кубогы: алғашқы күннің нәтижесі
Қазақстан тарихындағы алғаш өткізіліп отырған бұл сайысқа келген көрерменнің көңілі көтеріңкі болды. Бірден үш үлкен алаңда спорттың үш түрінен өткен додаға жұрттың көзі ілесе алмады. Греко – рим күресінен, бокс және таеквондо түрлері бойынша спортшылар бақ сынады.
Ең алдымен шешуші сайыстың қатысушылары болып таеквондошылар анықталды. Жұрттың назарын өздеріне аударған Алматы қаласының құрамасымен жарыстың басты көшбасшысы болып саналтын Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы болды. Жергілікті жанкүйерлер алаң иелерін қолдауға бар күшімен ат салысты. Нұрсұлтан Мамев бастаған қонақтар жағы артық бір бал есебімен жеңіске жетті (51:50). Жарыстан кейін команда мүшесі Смайл Дюсебай өзінің алған әсерімен бөлісті: «Біз жүз пайыз дайындықпен шықтық. Енді бізге финалға дайындалу керек. Біз жеңетінімізге сенеміз. Қарсыластарымның арасында менің салмағымда Руслан Жапаров бар, оны тағатсыз күтемін».
Бұл сөздерді ол екінші жартылай финалдың аяқталуы кезінде айтты. Ол кезде Жамбыл облысы қарсыластары Батыс Қазақстанды (39:32) ұпаймен жеңіп жатқан. Осы турнирдің көшбасшысы саналатын тағы бір қатысушы Руслан Жапаров сайыс аяқталғаннан кейін, оңтүстік қазақстан облысын турнирдің басты көшбасшысы деп санамайтын ойымен бөлісті.
Күрестің греко – рим түрінен де жарыс аяқталды. Бірінші жартылай финалда Алматы облысының құрамасы Оңтүстік Қазақстан құрамасын 5:1 есебімен ұтты. Дәл осылармен қатар Солтүстік Қазақстан облысы 2:4 есебімен Жамбыл облысының құрамасына есе жіберіп алды.
Күрестен кейін дзюдошылар алаңға шықты. Татами шебері Жамбылдық, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов Шығыс Қазақстан облысын 4:1 есебімен жеңсе, басқа жартылай финалда Қарағанды облысының дәл осындай көшбасшы спортшылары Дидар Хамза мен Жансай Смағұловтар да Қызылорда облысынан басым түсті. Нәтижесінде соңғы дода кезінде дзюдодан Жамбыл облысы мен Қарағанды облысы күш сынасатын болады.
Конфедерация Кубогында ең үздік екі құрама еркін күрес түрінен атойлап алға шықты. Бірінші жартылай финалда Оңтүстік Қазақстан облысы Алматы облысына 2:5 есебімен есе жіберді. Сонымен қатар Ақтөбе облысы 2:4 есебімен Шығыс Қазақстан облысына есе жіберді. Жастар арасындағы әлем чемпионы (2011) Расул Қалиев құрамасына өз үлесін қосты.
Жартылай финалды былғары қолғап шеберлері аяқтады. Астана құрамасы Алматы облысын 7:3 есебімен ұтып жеңіске жетті. Турнирдің финалында өнер көрсетуі керек болған Жәнібек Әлімханұлы көзге түспеді. Ал екінші жартылай финалда Әділбек Ниязымбетов бастаған Маңғытау облысының құрамасы Оңтүстік Қазақстан облысының құрамысын 6:4 есебімен жеңді.
Жарыс соңында барлық қатысушылар ұйымдастырушылар атынан берілген естелік медальдарымен марапатталды.
Ақтық кезең 4 желтоқсан күні өтеді. Астана уақытымен 12.00-де.