Кличко Поветкинмен болатын кездесуде 17 млн доллар сыйақы алатын болды

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Владимир Кличко да осы аптада өтетін кездесуге тағайындалған сыйақы сомасына таңданысын жасырмапты. Алайда оның айтуынша, ол рингке ақша үшін емес, бастысы чемпиондық атағын сенімді түрде қорғап шығу үшін көтерілмек.   

Естеріңізге сала кетсек, аса ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Владимир Кличко (60-3-0, 52 нокаут) мен WBA ұйымының тұрақты чемпионы Александр Поветкин (26-0-0, 18 нокаут) арасындағы жылдың басты кездесуі саналған жекпе-жек 5 қазан, сенбі күні Мәскеудің Олимпийский спорткешенінде өтеді.  

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, кездесуге шығарылған билеттер өткен аптада бірі қалмай сатылып кеткен екен. Ал олардың бағасы орындарына қарай рубльден аударғанда 32 500 бен 3 250 000 теңге аралығында болған. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: championat.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама