Кличко мен Поветкин командалары кездесу жөніндегі мәселені шешті

Болат Қосмағамбет Корреспондент

Енді бар мәселе Бүкіләлемдік бокс ассоциясының (WBA) екіжақты жасалған келісім-шартқа, яғни жекпе-жекке рұқсат беретін шешіміне байланысты болмақ. 

"Бірнеше аптаға созылған келісім нәтижесінде біз ақыры ортақ шешімге келдік",-дейді "Спорт-Экспресс" газетіне берген сұхбатында Кличко менеджері Бернд Бенте: "Рябинский мен Хрюнов командалары бірнеше күнге созылған екіжақты келісімге ақыры соңғы нүкте қойды. Енді жасалған келісім-шартты WBA мақұлдаса, бар мәселе толықтай шешіледі".

Сондай-ақ менеджер Бенте WBA осыған байланысты оң шешім қабылдайтынына да сенім білдірді. Ал егер бұл іс ұзаққа созылып немесе WBA келісім бермей жатса, онда Кличко командасы шамамен қырқүйек айында басқа бір қарсыласпен кездесу өткізетін болады.  

"Бір айта кететіні, жасалған келісім екі жақты да қанағаттандырады. Сондықтан WBA ешқандай қарсылық білдірмеуі тиіс. Егер біз жасаған қазіргі келісімдегі тұстар мұқият қаралып, оған қол қойылатын болса, онда кездесу 5-қазан күні Мәскеу қаласында өтетін болады",-деп мәлімдеді Бенте. 

Айта кетейік, Поветкиннің менеджері Владимир Хрюнов осыдан екі апта бұрын екі жақ келісімге келгенін айтып үлгерген болатын. 

Ал осыған дейін командалар арасында құжаттағы үш пунктке байланысты дау болған еді. Олар - допингтік бақылау, кездесуге бақылау жасайтын бокс ұйымы және бинт ұзындығы болатын.  


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: prosport-ru.tsn.ua

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама