Кипр мен Қазақстан ойынына ирландиялық төрешілер қазылық жасайды
Жолдастық кездесу Ларнака қаласындағы "Антонис Пападопулос" стадионында өтеді. Бас төреші қызметін Роберт Харви атқарады. Алаң жиегінде Роберт Кларк пен Уэйн Макдонелл көмектеседі.
Жақында ғана ұлттық құрама тізгінін ұстаған ресейлік маман Александр Бородюк команданы бүгін алғашқы ойынына бастап шығады.
Кипр мен Қазақстан құрамалары арасындағы ойын Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Ойынды отандық арналар көрсетпейді.