ҚХЛ Дамир Рыспаевты “кешірмеді“

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ tengrinews.kz

2016 жылдың тамыз айында ҚХЛ қазақстандық хоккейшіні мерзімсіз жазалаған еді. Себебі "Барыс" сапында ойнап жүрген Дамир маусым алдындағы ойындардың бірінде жаға жыртысқан-ды. Нақтырақ айтсақ, Қытайдың "Кунлунь Ред Стар" командасына қарсы ойында бірнеше ойыншыны қуып жүріп сабаған еді. Тіпті Томаш Марцинко Дамирмен болған жекпе-жектен кейін ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Нәтижесінде ҚХЛ-дің қаһарына ұшыраған-ды.

Қыркүйек айында тәртіптік–бақылау комитеті хоккейшіге Жоғарғы хоккей лигасында "Торпедо" командасы сапында ойнауға рұқсат берді. Ал құрлықтық хоккей лигасының есігі жабық қалған еді.

- 2 қараша күні тәртіптік-бақылау комитеті ҚХЛ ойындарына қатысу туралы Рыспаевтың өтінішін қарады. Барлық материалдарды сараптай келе хоккейшінің өтінішін қанағаттандырмады, - деп хабарлаған жарыстың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Дамир Рыспаев Өскемен хоккей мектебінің түлегі. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама