Кертис Стивенс: "Өзімді кездесу басталмай тұрып-ақ жеңіліске ұшырағандай сезінемін"
«Олардың жазған ақпараттарына қарасам, мен өзімді кездесу басталмай тұрып-ақ жеңіліске ұшырағандай сезінемін. Мысалы әртүрлі интервьюлер барысында: «Головкин Стивенспен жұдырықтасқаннан кейін Уордпен немесе тағы басқа біреумен ринге шығатын болады» деген сияқты әңгімелер айтылуда. Егер барлығы солай ойлайтын болса, онда маған тиесілі чекті қолыма ұстата салыңыздар, тіпті мен онымен кездеспей-ақ та қояйын. Ол адамдардың басында мен туралы не барын білмеймін, дегенмен мына нәрсені анық білемін: 2 қараша күні финалдық гонгтен кейін барлығы да: «Қап, әттең! Мен соған (Головкин, ред.) сеніп барлық ақшамнан айырылдым» дейтін болады. Ал мен оларға қарап: «Мен сендерге ескерттім ғой» деп жанашырлық білдіремін. Көр де тұр, бұл айтқандарым айнымай келетін болады»,-деп мәлімдеді Стивенс.
Естеріңізге салсақ, Кертис Стивенс осыған дейін де қарсыласы туралы әртүрлі мәтіндегі бірнеше мәлімдеме жасап үлгерген болатын. Ал Головкин болса осыған байланысты көрермендерге былайша түсініктеме берді: «Кертис тек аузына келгенді соғатын боксшы. Ол тіпті қазірдің өзінде қандай жағдайға тап болғанын да білмейді. Иә, оның боксшылық мансап жолында өзіне тиесілі бірнеше нокауттар болды. Алайда оның барлығы да басқа деңгейдегі жекпе-жектер барысында болды. Оның осы күнге дейін айтқандарының бәрі де кездесу күні өз күшін толықтай жояды».
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: thesweetscience.com