Кениялық желаяқ марафон жарысында әлем рекордын жаңартты
Марафон жарысының қашықтығы 42 шақырым 195 метрді құрайды. Деннис Киметто бұл қашықтықты 2 сағат 2 минут 57 секундта басып өтті. Бір қызығы, ерлер арасында әлемнің он үздік рекордының алғашқы жеті көрсеткіші Берлин марафонында тіркелген. Ал сол он рекорд иегерлерінің сегізі кениялық спортшылар болып табылады.
Мәресіне жеткен Берлин марафонында күмісті еншілеген тағы бір кениялық желаяқ Эммануэль Мутаи да рекордтар рейтингінің екінші сатысына жайғасты. Оның көрсеткіші 2 сағат 3 минут 13 секундты құрады. Ал осыған дейінгі үздік рекорд та кениялық спортшы Уилсон Кипсангқа тиесілі болатын. Ол марафон жарысында 2 сағат 3 минут 23 секунд нәтижесімен үздік болып танылып келген болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет:ntv.ru