Қазақтың Мессиі деп танылған жас ойыншыЕркебұлан СейдахметРесей премьер-лигасындағы Уфа командасымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы команданың ресми сайты хабарлады. Футболшы мен клуб ұзақ мерзімді келісімшартқа келіскен. Ол жаңа командасында 10 нөмірмен алаңға шығатын болады. Естеріңізде болса Еркебұлан Сейдахмет қаңтар айының ортасында Уфамен оқу-жаттығу жиынына аттанған болатын. Команданың Кипрдегі екі бірдей дайындық шараларына қатысты. Ларнаканың (Кипр) Алки командасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығып, алғашқы голын да соқты. Плоцкінің (Польша) Висла клубына қарсы ойында бір тайм ойнаса, Слован (Чехия) командасына қарсы кездесуде 90 минут ойнап, екі нәтижелі пас берді. Соңғы ойынын латвиялық Лиепая клубына қарсы өткізді. Еркебұлан Сейдахмет 2017 жылы Қазақстан премьер-лигасында Тараз клубында ойнады. Он бес ойынға қатысты. Бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді.