Қазақстанның үш қаласында жаппай велошеру өтті
Жаппай велошеру басталар алдында Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының директоры Қымбат Бейсекина алғы сөз сөйледі. Жоба барысында дәрігерлер велошеру қатысушыларына тегін кеңестер берді.
Велошеру «Нұрлы-Тау» бизнес орталығынан басталды, қатысушылар осы жерден Сейфуллин көшесінің қиылысына дейін жүріп барды да, Сәтбаев көшесіне дейін түсті, содан кейін Гагарин көшесіне дейін жетіп және Абай даңғылына шықты. Велосипедшілер Республика сарайының алаңында мәреге жетті. Бұл шара Алматы қаласы әкімдігінің, оның ішінде Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті. Жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және «Болашақ» Қауымдастығының 15 жылдығына арналған «25 қайырымды іс» жобасы аясында өтті.
Ұйымдастырушылар және серіктестіктер: «Болашақ» Қауымдастығы, Алматы, Шымкент және Орал қалаларының әкімшіліктері.