Қазақстанның қоржынына Универсиаданың екінші медалі түсті
Шаңғышы Әсет Дүйсенов спринттік сайыста күміс медаль еншіледі. Мәре сызығын үшінші болып кескен. Кейіннен төрешілер ресейлік Иван Якимушкинді жарыстан шеттеткеннен кейін, Әсет екінші орынға көтерілді.
Жарыста латын медальды ресейлік Александр Терентьев жеңіп алды. Қола медаль да ресейлік тағы бір спортшы Андрей Собакарев еншісіне бұйырды.
Айта кетейік, 2019 жылғы қысқы Универсиаданың алғашқы жүлдесін фристайлшы Жанбота Алдабергенова жеңіп алған болатын.