Қазақстанның XVIII жазғы Азия ойындарындағы жүлделер саны 50-ге жетті. Соңғы қола жүлдені қоржынға Елдос Жұмаханов салды. Қазақстандық дзюдошы 66 кг салмақта бақ сынап, жартылай финалда жапон дзюдошысыЙоширо Мариомодан айласын асыра алмаған еді. Қола үшін өткен белдесуде отандасымыз катарлық дзюдошыны иппонмен жеңді. Айта кетейік, бүгін өткен дзюдо жарыстарында Елдостан өзге Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдегер атанды. Жартылай финалда жапон Ами Кондодан жеңіліп, үшінші орын үшін өткен кездесуде қытайлық Яо Сюнді айқын жеңді. Ал Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов жарақатына байланысты жүлделі орынға іліге алмады. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы 8 алтын 9 күміс 33 қола медальмен жалпы есепте 11-орында келеді.