Қазақстанның Аустрия мен Норвегияға қарсы ойнайтын құрамы бекітілді
Нақты тізімге 27 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 11 қараша күні Алматыда басталады.
Қақпашылар: Игорь Шацкий ("Ақтөбе"), Стас Покатилов ("Тобыл"), Темірлан Анарбеков ("Жеңіс");
Қорғаушылар: Әлібек Қасым ("Ақтөбе"), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы - "Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де - "Тобыл"), Сұлтанбек Астанов ("Ордабасы"), Ұлар Жақсыбаев ("Қызылжар"), Әділбек Жұмаханов ("Атырау"), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де - "Жетісу");
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де - "Ордабасы"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Бақтияр Зайнутдинов ("Бесіктас", Түркия), Аслан Дарабаев ("Елім-ай"), Эльхан Астанов ("Астана"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Ғалымжан Кенжебек ("Акритас", Кипр);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов ("Адана Демирспор", Түркия), Айбар Жақсылықов ("Қайсар"), Рамазан Кәрімов ("Астана"), Жан Әли Пайруз ("Елім-ай");
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында екі матч өткізеді. 14 қарашада Станислав Черчесовтің командасы Аустриямен кездеседі. Ойын Алматының Орталық стадионында өтеді. Басталуы 20:00-де.
Үш күннен кейін біздің команда Норвегияға қарсы сырт алаңда матч өткізеді. Ойын Осло қаласындағы "Уллеволь" стадионында өтеді. Басталуы - Астана уақытымен 22:00-де.