Қазақстанға Ресейден келген ауыр атлет допинг дауына ілікті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Фото ©️ vesti.kz

- 2018 жылдың 14 желтоқсаны күні Қазақстан ауыр атлетика федерациясына Ұлттық антидопинг орталығынан ауыр атлет Надежда Лихачеваның қан сынамасына байланысты ақпарат келіп түсті. Спортшының 19 қыркүйектен бастап жарыс емес кезде Сочи қаласында өткізген оқу-жаттығу уақытында тапсырған допинг сынамасы оң нәтиже бермеген.

Надежда Лихачева қатысты антидопинг ережесін бұзып, тыйым салынған дәрі-дәрмек қолданғаны жайлы айып тағылды. Қорытынды зерттеу шарасы уақытына байланысты спортшы алдағы жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарынан уақытша шеттетіледі. Атлет сараптама жайлы өз нұсқасын айтып, "В" сынамасын тапсырады.

Зерттеу нәтижесі бойынша федерация мен тиісті органдар спортшыға қатысты шешімді шығаратын болады, - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, Надежда Лихачева биыл Ашхабадта өткен әлем чемпионатында 71 кг салмақта қола медаль еншілеген болатын.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама