Қазақстандықтар Мэнни Пакьяоның жекпе-жегін тікелей эфирден көреді
Мэнни Пакьяо мен Джесси Варгас арасындағы жекпе-жек 6 қараша күні таңертең АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. 27 жастағы америкалық боксшы жартылай орта салмақта «WBO» чемпиондық белбеуін алғаш рет қорғайтын болады.
- Пакьяо мен Варгас жекпе-жегі - әлемдегі ең танымал екі боксшының қазіргі бокстағы үлкен текетіресі болмақ. Біздің көрермендер әлемдік деңгейдегі кездесуді көруге мүмкіндік алып отыр. Екі боксшының кәсіби деңгейдегі шеберлігі мен көрсетілімнен зор әсер алады деген сенімдеміз, - деді «Хабар» арнасының спорттық продюсері Асқат Жақаев.
Мэнни Пакьяо мен Джесси Варгас арасындағы жекпе-жек 6 қараша күні Астана уақытымен таңғы сағат 9:00-де басталады.
Айта кетейік, филиппиндік Мэнни Пакьяо сәуір айында спорттық мансабын аяқтағанын хабарлаған еді. Ал жақында кәсіпқой бокста кезекті жекпе-жегін өткізуге қазақстандық Геннадий Головкиннің себеп болғаны туралы айта кеткен-ді.