Қазақстандықтар дзюдодан Азия чемпионатының алғашқы күнінде үш алтын алды
48 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық дзюдошы Отгонцэгцэг Галбадрах алтын алды. Ол ақтық сында Моңғолия спортшысынан басым түсті. Мариан Ұрдабаева финалда 63 келі салмақта жапон спортшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Ерлер арасында 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Елдос Ісметов жеңіске жетті. Шешуші айқаста Елдос өзбек дзюдошысы Диорбек Урозбоевты жеңді. Елдос Жұмақанов (66 келі) қола медаль алды, ал Дидар Хамза (73 келі) жапониялық қарсыласынан жеңіліп, күміс медальға ие болды. Рустам Ибраев (60 келі) пен Дастан Ықыбаев (73 келі) біріншілікте бесінші орынға тұрақтады.
Дереккөз: tengrinews