Қазақстандықтар Дания-Қазақстан ойынын тікелей эфирден көре алады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Қазақстан құрамасы мен Дания арасындағы ойын Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді. Астана уақытымен түнгі сағат 01:35-те басталады.

Айта кетейік, «Е» тобында бақ сынап жатқан Қазақстан құрамасы осыған дейін Польша және Румыния құрамаларымен тең ойнап, Черногорияға есе жіберіп алған еді. Қорытындысында 2 ұпаймен бесінші орында келеді. Үш ойыннан әлі бірде-бір ұпай алмаған Армения құрамасы көш соңында келеді. Дания болса 3 ұпаймен 4-орында тұр.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама