Қазақстандықтар GGG жекпе-жегін тікелей эфирден көре алады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

17 мамыр күні таңертең «Қазақстан» телеарнасы мамыр айындағы басты жекпе-жектердің бірі – орта салмақтағы WBA, WBC (Interim) және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен орта салмақта «Boxcino 2014» турнирінің жеңімпазы 28 жастағы кіші Вилли Монро арасындағы кездесуді Лос-Анджелес қаласынан тікелей эфирде көрсетеді.

17 мың адам сиятын Лос-Анджелестің (АҚШ) жаңартылған «The Forum» аренасынан үлкен бокс кеші 17 мамыр күні сағат 7.00-де «Қазақстан» телеарнасынан көрсетіледі. Қос боксшының жекпе-жегі шамамен таңғы 9.00-де көрсетіледі. Көрсетілімнің қайталаулары 17 мамыр күні күндізгі уақытта және 18 мамыр күні кешкі уақытта «Кazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Геннадий Головкиннің екінші жекпе-жегі, болжам бойынша, қыркүйек айына жоспарланып отыр. Нақты күні, өткізілетін орны мен қарсыласының есімі әзірге белгісіз. Бұл жекпе-жекті де қазақстандықтар ұлттық арнадан тамашалай алатын болады. 

Ұқсас жазба

Флойд Мейвезер Геннадий Головкинмен неге жұдырықтасқысы келмейді?

Головкиндердің шаршы алаңдағы серті қандай?

«GGG» мобильді қосымшасы жарыққа шықты

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама