Қазақстандық зілтеміршіге Олимпиада күмісі бұйыруы мүмкін

Айбар Рысдәулет Корреспондент
Фото ©️ ҰОК

69 келіге дейінгі салмақта додаға қатысқан қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша 5-орын алған болатын. 2016 жылы бұл салмақта қола және 4-орын алған беларусь ауыр атлеттері Марина Шкерманкова мен Дина Сазоновец допинг қолданғаны үшін жүлдесінен айырылып, Анна Нұрмұхамбетова үштікке енген еді. 

Бүгін белгілі болғандай, Олимпиаданың күміс жүлдегері румыниялық Роксана Кокоштың қан сынамасынан тыйым салынған "Станозолол" және "Метенолон" препараттарының ізі табылған. Осылайша қазақстандық ауыр атлеттің нәтижесі тағы жақсарып, қола медалі күміске айналады. 

Дегенмен бұл іс бойынша әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Анна Нұрмұхамбетова өткен жылдың тамыз айында Талдықорған қаласында өткен Спартакиада ойындарында 81 килоға дейін салмақ дәрежесінде бақ сынап, алтыншы орын алған. Зілтеміршінің жарыс кезінде тапсырған қан сынамасынан тыйым салынған "Оралтуринабол" препараты табылған. 

Қазіргі таңда спортшының ісі бойынша тергеу-тексеру жүргізіліп жатыр. Егер Анна Нұрмұхамбетованың допинг қабылдағаны расталса ол 4 жылға спорттан шеттетілуі мүмкін

Осы күнге дейін қарсыласы допинг қолданғаны үшін 4 спортшымыздың Олимпиада ойындарындағы нәтижелері жақсарған болатын. Атап айтсақ, грек-рим күресінен 2008 жылы Олимпиадада қола алған Нұрбақыт Теңізбаевқа күміс және жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға қола жүлде табысталды. Сондай-ақ ауыр атлет Алла Важенина 2008 жылғы Олимпиаданың чемпионы атанса, Денис Ұланов қола жүлдені алды.

 
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама