Қазақстандық волейболшы қыздар Азия кубогын жеңіліспен бастады
Қазақстандық волейболшылар алғашқы екі кезеңде қарсыластарына есе жіберіп алды. Үшінші кезеңде 25:17 есебімен басым түсіп шықты. Ал шешуші кезең тартысқа толы өтіп, отандастарымыз 25:23 есебімен жеңіліп, мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Вячеслав Шапран жаттықтыратын ұлттық құрама келесі ойынын 15 қыркүйек күні Оңтүстік Корея құрамасына қарсы өткізеді. Ал араға бір күн салып Қытай құрамасына қарсы ойнайды.
Азия кубогы. Вьетнам. «В» тобы
Қазақстан — Жапония — 1:3 (20:25, 21:25, 25:17, 23:25)