Велоспорттан Қазақстан құрамасы Аргентина елінің астанасы Буэнос-Айресте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада ойындарында командалық жарыста топ жарды. Бес кезеңге созылған жарыста қазақстандық велоспортшыларЕвгений ФедоровпенГлеб Брусенскийкөш тізгінін еш құрамаға ұстатқан жоқ. Әр кезең сайын ұпай санын арттырып, қарсыластарынан қара үзіп шықты. Қазақстандық спортшылар бес кезең бойынша барлығы 418 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды. Күміс жүлдені еншілегенЛюксембургқұрамасынан 142 ұпайға озды. Қола жүлдені 253 ұпай жинағанҰлыбританияқұрамасы иеленді. Қыздар құрамасы сапындаМарина КурнасоваменСветлана Пащенкожалпы есепте 6-орын алды. - Біз әрі кетсе үздік үштікке енеміз деген мақсат қойған едік. Алайда, әлеуетеміз одан да жақсы екеніне көз жеткіздік. Алтын медаль алуға мүмкіндік барын сезген соң, өзімізді қамшылаумен болдық. Қазіргі көңіл-күйімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Шыны керек, маунтинбайк бізге қиын соқты. Оның үстіне, бүгін жарыс кезінде велосипедімнің отырғышы сынып кетті. Қуанышқа қарай, бәрі жақсы аяқталды, - дейді Брусенский ҚР ҰОК сайтына берген сұхбатында. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында3 алтын 1 күміс 1 қоламедаль бар. Алда әлі үш бірдей қазақстандық боксшы чемпиондық атаққа таласады.