Қазақстандық велоспортшы, Астана велоклубының өкіліАлексей ЛуценкоОман туры көпкүндігінде жеңімпаз атанды, - деп хабарлайдыVesti.kzтілшісі. Жарыста екінші орынды да Астана клубының колумбиялық легионеріМигель Анхель Лопесиеленді. Ол екінші орыннан көрініп қана қоймай, ең жас үздік велоспортшы марапатына ие болды. Оман туры көпкүндігі 2010 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. 2016 жылы Астана клубының италиялық легионеріВинченцо Нибалижеңімпаз атанған. Ал бұл жарыста бірнеше рет жеңіске жеткен спортшы Крис Фрум. Sky командасының өкілі 2013-2014 жылдары жеңімпаз тұғырын бермеген. Алексей Луценко өткен жылы Вуэльта көпкүндігінің бесінші кезеңінде үздік шыққан болатын. Сондай-ақ Алматы туры жарысында төртінші жыл қатарынан топ жарған еді.