Қазақстандық триатлоншы Азия чемпионы атанды
Дарын Қонысбаев 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарды. Күміс жүлдені Гонконг елінің спортшысы еншіледі. Ал үздік үштікті тағы бір қазақстандық спортшы Мейірлан Ысқақов қорытындылады.
Ал Семен Пивоваров жарысты сегізінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, ерлер арасындағы негізгі бәсекеде Аян Бейсенбаев пен Темірлан Теміров сынға түседі.