Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасының кезекті ойынына төрелік жасайды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Өткен маусымда Артем Кучин Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) және «Генгам» (Франция)  - «Динамо» (Минск, Беларусь) ойындарына төрелік жасады. Ал «Астра» клубының ойынына екінші рет қазылық жасағалы отыр. Артем Кучин 2014 жылы Еуропа лигасының «Слован» - «Астра» кездесуінде қызмет атқарып, сол ойын 3:2 есебімен румыниялық футболшылардың жеңісімен аяқталған еді.

Қарағандылық төреші клубтық турнирлерден бөлек, ұлттық құрамалардың ойынына да бас төреші болып тағайындалып жүр. Өткен жылы 21 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс – Англия және Кипр – Бельгия кездесулерінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, әлем чемпионатының іріктеу ойындары мен 19 жасқа дейінгі жасөспірім құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінде жұмыс тәжірибесі бар. Оның ішінде жартылай финалдағы Чехия - Сербия кездесуін атап өтуге болады.

«Астра» мен «Инвернесс» арасындағы ойында Артем Кучинге тараздық Евгений Бельски мен атыраулық Анатолий Ходин көмектеседі. Төртінші төреші – талдықорғандық Денис Измайлов. Кездесу 23 шілде күні Румынияның Джурджу қаласындағы Марин Атанасович стадионында өтеді. Қос клуб арасындағы бірінші ойында 1:0 есебімен румыниялық футболшылар жеңіске жеткен еді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама