Қазақстандық төрешілер Еуропа лигасының кездесуінде қызмет атқарады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ kff.kz

Кишиневте өтетін ойынның бас төрешісі талдықорғандық Денис Измайлов болмақ. Оның көмекшілері - Евгений Бельский (Тараз) және Анатолий Ходин (Атырау). Төртінші төреші - қарағандылық Артем Кучин.

Денис Измайлов өткен маусымда да Еуропа Лигасы іріктеу турнирінің кездесуінде қызмет атқарған еді. Сонымен қатар, топтық кезеңде Артем Кучиннің жетекшілігімен «Янг Бойз» (Швейцария) – «Слован» (Словакия) кездесуінде жұмыс істеді. Бұл ойында қазақстандық төреші бас қазының қосымша көмекшісі болған-ды.

Еске сала кетейік, Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі бірінші ойындар ертең басталады.  

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама