Қазақстандық төреші ЕУРО-2014 (U-19) финалына қазылық жасайды

О Сансызбай Корреспондент

Тараздық Евгений Бельский 10 жылдан астам уақыттан бері бас қазының көмекшісі қызметін атқарып келеді. УЕФА сенім артқан лайнсмен осыған дейін жартылай финалмен қоса төрт ойында төрешілер құрамынан табылған. Ендігі міндет шешуші ойынды ойдағыдай өткізу. Сонымен финалдағы қазылар құрамы төмендегідей:

Бас қазы: Хавьер Эстрада Фернандес (Испания);
Бас қазы көмекшілері: Даррен Ингланд (Англия), Евгений Бельский (Қазақстан);
Қосалқы қазы: Инеа Джорджи (Албания);
Инспектор: Йосеф Марко (Словакия).

Естеріңізге сала кетсек, Будапешт қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалына Германия мен Португалия құрамалары шыққан болатын. Финалдық кездесу 31 шілде күні өтеді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: kff.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама