Қазақстандық теннисшінің ерсі қылығы жанкүйерлердің ашуына тиді
Юлияның бұл әрекеті әлеуметтік желіде тарап, теннис жанкүйерлерінің ашуын туғызды. Оның әрекетін қатаң сынап, кешірім сұрауын талап еткендер де бар. Кейіннен Путинцева Instagram парақшасында осы бір әрекеті үшін кешірім сұрады.
"Шынымды айтсам, ол қызға ашуланған жоқпын. Мен брейк-пойнт пен геймде жеңіліп қалғаным үшін өзіме қатты ашуландым. Ашудан мен жан-жағымда не болып жатқанын аңғармай да қалдым. Балалардың бәрі өз жұмысын тамаша атқарды", - деп жазды теннисші.
Айта кетейік, US Open турнирінің үшінші айналымында Юлия Путинцева Ясмин Паолиниден екі сетте де жеңіліп, жарысты аяқтаған еді.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!