Қазақстандық теннисшілер US Open жарысында қанша табысқа кенелді?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ ©usopen.org

US Open жарысының биылғы жүлде қоры 75 миллион долларды құрады. Өткен маусымға қарағанда 15,3 пайызға артқан.

Қазақстандық теннисшілер арасында ең көп сыйақыны Юлия Путинцева иеленген. Ол жарыстың үшінші іріктеу кезеңіне дейін жетті. Жұптық кезеңде алғашқы айналымнан аса алмады. Сондай-ақ корттағы ерсі қылығымен ел назарына ілікті. Жарыстағы нәтижесіне қарай 227 500 (215 000 + 12 500) доллар табыс тапты. Бұл оның US Open жарысында алған ең қомақты сыйақысы.

Юлиядан кейін қаржы қорын молайтқан теннисші – Александр Шевченко. Ол 152 500 (140 000 + 12 500) доллар еншіледі. Ол жекелей сында жарысты екінші айналымда аяқтады. 

Елена Рыбакина да жарысты сәтті бастаған. Алайда екінші ойынында денсаулығына байланысты кортқа шығудан бас тартты. Ол да құралақан қайтпайды. 140 мың доллар көлемінде сыйақы алады. 

Бірінші айналымда жеңіліп қалған Тимофей Скатов пен Александр Бублик 100 мың доллардан еншілеп қайтады. Жұптық және аралас сайыста бақ сынаған Анна Данилина 45 250 (31 500 + 13 750) доллар табысқа кенелді. Александр Недовесов болса жұптық кезеңдегі бір ойыны үшін 12 500 долларды иеленеді.

Қазақстандық теннисшілер биылғы US Open жарысында 777 750 доллар иеленді. Былтыр барлығы 579 300 доллар еншілеген еді.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама